Ян Вороговский: «Алғашқы ойынның қателігін түзеп, ертең тосынсый жасауға тырысамыз»

Ян Вороговский: «Алғашқы ойынның қателігін түзеп, ертең тосынсый жасауға тырысамыз»

09 қыркүйек, 05:32
Қазақстан Ұлттық құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский Калининград қаласында өткен матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді: 

- Артем Дзюба бастаған Ресей құрамасының шабуылшыларын қалай ұстайсыздар? 

- Ресей құрамасымен өткен алғашқы ойынды талқыладық. Алғашқы ойынның қателігін түзеп, ертең тосынсый жасауға тырысамыз. Ұпаймен қайтуды ойлаймыз. 

- Кипр құрамасымен өткен ойын туралы сұрақ. Сол ойында екі ұпай жоғалттыңыздар ма, әлде бір ұпайға ие болдыңыздар ма?

- Ойынды жақсы бастап, жылдам гол соқтық. Кейін ойын тізгінін жоғалтып алдық. Никосияда жеңіске жету керек еді. Екі ұпай жоғалтқанымыз рас. Алайда, тең нәтиже де - жақсы көрсеткіш. 

- Қазақстандық БАҚ-тың іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының нәтижесіне көңілдері толатындай. Футболшылардың психологимялық жағдай қандай? Ертең Ресейде ұтамыз деген сенім бар ма?

- Футболда бәрі болады. Физикалық және психологиялық дайындығымыз жақсы. Ертең жақсы ойын көрсетеміз. 

- Ресеймен өтетін ойын маңызды. Ұпай жинап, Еуропа Чемпионатына шығу мүмкіндігін сақтауға болады. Ал, ұтылған жағдайда сол мүмкіндіктен айырыламыз. Ресеймен ойын Сіз үшін қаншалықты маңызды? 

- Иә, дұрыс айтып өттіңіз. Ертең - шешуші ойын. Біздің құрама соңына дейін күресуге дайын. Қазақстан құрамасының қатарындағы соңғы ойында алаңға шыққандай боламыз. Қазақстан үшін, бір-біріміз үшін және жанкүйерлер үшін күресеміз. 

Бөлісу
Жоғары