«Қайрат» - 2019 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері!

«Қайрат» - 2019 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері!

14 қыркүйек, 21:39
Атырау қаласында футзалдан Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойында алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары кездесті.

Алғашқы таймда Дуглас Жуниор есеп ашып, «Қайратты» алға шығарды. Үзіліске дейін бразилиялық Диего есепті еселеді. 

Екінші таймда Дәурен Нұрғожин үшінші голды соқты. Кездесуге нүкте қойған футболшы - Диего. Қорытынды есеп – 4:0.

 

Футзал. Қазақстан Суперкубогы - 2019

«Қайрат» - «Ақтөбе» - 4:0 (2:0)

Голдар: Дуглас 10, Диего 13, 29, Дәурен Нұрғожин 27;

Ескертулер: Дуглас 22, Тайеби 39 - Максим Воронин 24;

«Қайрат»: Игита, Нури Садықов - Дуглас, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Біржан Оразов, Альберт Ақбалықов, Диего, Эдсон, Тайеби;

Бас бапкер - Рикардо Кака;

«Ақтөбе»: Салауат Байралиев, Қанат Жеткірбаев - Қайрат Иманалин, Евгений Валенко, Данило Эрик, Аршат Сәтжан, Асхат Құлбаев, Нұрбек Қарағұлов, Егор Нулет, Төрехан Досов, Максим Воронин, Қанат Ахметов, Әлішер Сәрсенбаев, Ақжол Тыныштықбеков;

Бас бапкер - Олег Солодовник;

Төрешілер - Валерий Салимов (Нұр-Сұлтан), Аслан Галаев (Қостанай), Талғат Қосмұхамбетов (Қостанай), Төрехан Тұрсымбаев (Нұр-Сұлтан);

14.09.2019. Атырау, «Жайық»СК.

Бөлісу
Жоғары