ҚФФ бас хатшысы мен ФИФА сарапшылары «Talent Development - Football Ecosystem Analysis» бағдарламасын талқылады

ҚФФ бас хатшысы мен ФИФА сарапшылары «Talent Development - Football Ecosystem Analysis» бағдарламасын талқылады

15 қыркүйек, 17:30
ФИФА мен Қазақстан футбол федерациясы жас дарындарды анықтау және дамыту бағдарламасын жалғастыруда.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында ҚФФ басшылығы мен ФИФА сарапшыларының кезекті пікір алмасу кездесуі өтті.

 

Форум онлайн-конференция форматында өтті.

 

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясынан ФИФА сарапшылары Раймондас Статкевичич пен Эдвинас Эймонтас, біздің еліміздің атынан Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин қатысты.

 

«Бағдарламаның алғашқы бөлімдері ФИФА сарапшыларының әртүрлі ұлттық қауымдастықтардағы резервті оқытудың инфрақұрылымы мен әдістемесін талдауы болмақ.

 

Біздің жағдайда салалық департаменттер, ұлттық құрамалардың жаттықтырушылар корпусы және ҚФФ басшылығы мәліметтерді толық жинады.

 

ФИФА серіктестері Double Pass беделді компаниясы критерийлерге сәйкес таңдалған қазақстандық резервтік мектептердегі жағдайды зерттеп жатыр.

 

Бағдарлама дарынды жастардың дамуына барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

 

Сонымен қатар, жобаға қатысушы елдердің әрқайсысының қалыптасқан жағдайларын, спорттық дәстүрлерін, даму тенденцияларын және ұлттық менталитетін ескере отырып, оны жүзеге асыруды жоспарлау маңызды болып отыр», - деді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин.

Бөлісу
Жоғары