Астанада Қазақстан футбол федерациясы Конференциясының кезекті XXIII отырысы өтті

Астанада Қазақстан футбол федерациясы Конференциясының кезекті XXIII отырысы өтті

13 қыркүйек 2023, 21:28
Жиынға ФИФА мен УЕФА, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, сондай-ақ ҚФФ Атқару комитетінің мүшелері қатысты.

Конференция отырысы Қазақстанның аты аңызға айналған футболшысы Сейілді Байшақовты бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

ҚФФ басшысы жиналғандарды қазақ футболының 110 жылдығымен құттықтап, Федерация қызметі туралы баяндама жасады. Өз сөзінде Әділет Бәрменқұлов ұлттық құраманың соңғы жетістіктері футболға деген қызығушылықтың 43%-дан 52%-ға дейін артуына, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының матчтарына келушілер санының екі есе артуына ықпал еткенін атап өтті.

Сонымен қатар, ҚФФ басшысы 2022-2023 жылдар аралығында ҚФФ ФИФА және УЕФА, сондай-ақ Еуропа ұлттық қауымдастықтарымен тәжірибе алмасу, футбол қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және дамыту үшін ресурстарды тарту мақсатында белсенді қарым-қатынастар орнатқанын айтты. ФИФА президенті Джанни Инфантиноның 2023 жылдың мамырында Қазақстанға сапары осының дәлелі.

Конференцияда сонымен қатар ҚФФ Атқарушы комитетінің, Тексеру комиссиясының және тәуелсіз аудитордың жұмысы туралы жылдық есептері тыңдалды. Осы отырыста ҚФФ-ның заңды мекенжайын өзгертуге қатысты жарғыға түзету бекітілді.

Сонымен қатар, ҚФФ құрамына жаңа аймақтық қауымдастықтар: Абай облысының футбол федерациясы мен Жетісу облысының футбол федерациясының қосылуы туралы мәселелер қаралды. Бұл ретте ҚФФ Атқару комитетіне жаңа мүшелер – Кәсіби футболшылар альянсынан О.Ш.Абраев және Астана футбол федерациясынан А.Е Уранхаев сайланды.

Бөлісу
Жоғары