Футзалдан Қазақстан құрамасы Румынияны ұтып, іріктеу тобында көш бастады

Футзалдан Қазақстан құрамасы Румынияны ұтып, іріктеу тобында көш бастады

21 қыркүйек 2023, 04:48
2024 жылғы Әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінің кезекті ойынында Қазақстан құрамасы өз алаңында Румынияны қабылдады.

Матч 4:3 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Рикардо Кака шәкірттері алғашқы таймда үлкен басымдыққа ие болды. Біздің құрамадан Дуглас, Альберт Ақбалықов, Эдсон және Біржан Оразов көзге түсті. Осы жеңістен кейін кейін біздің жігіттер 6 ұпай жинап, өз тобында көш бастады.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 6 қазан күні сырт алаңда Әзербайжан құрамасымен өткізеді. 

 

Қазақстан – Румыния – 4:3 (4:1)

Голдар: Дуглас 2, Ақбалықов 11, Эдсон 15, Оразов 20 – Маня 4, 36, Сассе 32;

Ескерту: Ходьнодь 33;

Қазақстан: Игита, Серіков – Тайнан, Тұрсағұлов, Дуглас, Оразов, Эдсон, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Жұма, Дәрібай, Әбдіманапұлы;

Румыния: Тоница, Лунгу – Сассе, Оливейра, Феррейра, Крэчун, Ислой, Дудэу, Илаш, Араужо, Ходьнодь, Бошнягэ, Настай, Маня;

Төрешілер: Пешко, Беганчин, Матула (барлығы – Словакия);

20.11.2023. Алматы, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы. 3661 жанкүйер.

Бөлісу
Жоғары