Жағажай футболынан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Жағажай футболынан Қазақстан чемпионаты аяқталды

18 қыркүйек 2023, 12:23
Қонаевта жағажай футболынан 2023 жылғы Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Маусым қорытындысы бойынша Павлодардың «Арман» командасы жеңімпаз атанды.

Екінші орынды турнир дебютанттары – Тараз қаласынынан «OMEGA» командасы иеленсе, үшінші орынды Алматы облысының «Малайсары» клубы алды.

Төртінші және бесінші орындарды Конаев қаласының ОСДЮСШ және «Достар» командалары иеленді.

Жарыстың үздіктері:

Үздік ойыншы - Виталий Тулпа («Арман»),

Үздік қорғаушы - Болатбек Нұрдәулет («Малайсары»)

Үздік қақпашы - Айдос Сейдахметов (ОСДЮСШ)

Үздік сұрмерген - Дәурен Қойшыбаев («OMEGA») (23 гол).

Бөлісу
Жоғары