Футзалдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Нидерландты ұтты

Футзалдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Нидерландты ұтты

16 қыркүйек 2023, 07:05
Рикардо Кака жаттықтыратын футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңін жеңіспен бастады – 2:0.

Нидерланд елінің Алмере қаласында өткен ойында Қазақстан құрамасы әр таймда бір-бір голдан соғып, маңызды үш ұпайды еншіледі. Алғашқы таймда Эдсон жылдам есеп ашса, екінші таймда Дәурен Тұрсағұлов есепті еселей түсті. 

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 20 қыркүйек күні Алматыда Румыниямен өткізеді. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетін кездесу 20:00-де басталады. Билеттерді осы жерден алуға болады.

Нидерланд – Қазақстан – 0:2 (0:1)

Голдар: Эдсон 4, Тұрсағұлов 28;

Ескертулер: Бузит 34, Бузамбу 38 – Тайнан 31;

Нидерланд: Кейк, Стет – Джеяр, Бухари, Буюзан, Бузит, Орриенс, Бузамбу, Бен-Халу, Ван Хаутум, Аттахири, Уадду, Тиенбош, Хих.

Қазақстан: Игита, Серіков – Тайнан, Тұрсағұлов, Дуглас, Оразов, Эдсон, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Жұма, Рашит, Әбдіманапұлы.

Төрешілер: Манцьоне, Перона, Пеццуто (барлығы – Италия).

16.09.2023. Topsportcentrum. Алмере, Нидерланд.

Бөлісу
Жоғары