Қайрат Нұрдәулетов: «Команданың жақсы нәтиже көрсетуге құлшыныстары жоғары»

Қайрат Нұрдәулетов: «Команданың жақсы нәтиже көрсетуге құлшыныстары жоғары»

16 қараша 2023, 10:07
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов 2025 жылғы жастар арасында ЕУРО іріктеу кезеңінің аясында өтетін Мальта жастар құрамасына қарсы ойын алдында ҚФФ баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап берді.

– Командамыздың көңіл-күйі және кезекті ойынға дайындығы туралы айтып берсеңіз?

– Біздің жігіттердің көңіл-күйі жақсы. Ойынға деген құлшыныстары жоғары, жақсы нәтиже көрсетуге талпыныс бар. Бірақ физикалық дайындық жағынан ойыншылардың жағдайы біраз алаңдатуда, өйткені бұл жиынның алдында олар біраз демалып қалды. Бұған себеп – чемпионаттың ерте аяқталуы. Маусым аяқталғаннан кейін 6-7 күн ішінде біздің жігіттер жаттығусыз болды. Алайда біздің бапкерлік штаб бұл мәселені шешуге тырысты. Біз сұраған жағдайдың бәрін жасап бергені үшін Футбол федерациясына алғыс айтамын.

– Қазақстан жастар құрамасының бірнеше ойыншысы ұлттық құрамаға шақырту алды. Бұл шешім туралы пікіріңіз қандай?

– Бұл біздің жас ойыншыларға берілген аванс. Магомед Мұсаұлының бұл шешімі дұрыс деген пікірдемін. Ол өзінің жас ойыншыларға деген көзқарасын көрсетті. Біздің жігіттер ұлттық құрама сапында жаттыққаннан кейін, өздеріне күнделікті қойылатын талаптарды көтерді деген ойдамын. Бұл әрекет - жастардың уәждемесін көтеруге жасалған тамаша қадам. 

– Мальта жастар құрамасы туралы қандай ақпарат жинадыңыздар?

– Көпшілік Мальта кішігірім мемлекет болғандықтан бұл елде футбол дамымаған болар деген ойда болуы мүмкін. Бірақ Мальта жастар командасы әрдайым дамып келе жатқан құрама. Алдыңғы жылдары өткен он шақты ойындарының бейнежазбасын көріп, салыстырдық, олар қазіргі уақытқа сай футбол үрдістерін пайдаланып, доп тебуді үйренген команда. Әрине бұл қарсыластың нәтижелері төмен, бірақ олардың жастары футболды қорықпай ойнап үйренуде. Бұл команданың сенімділігі ойын сайын өсуде. Команда бапкерлік штабының тарапынан ойыншылардың алдына қойылған талаптары да өскені сезіледі. Сол себепті Мальта елінде футбол дамуда.

Бөлісу
Жоғары