Жастар қонақтан жеңіспен оралды

Жастар қонақтан жеңіспен оралды

17 қараша 2023, 01:01
Қазақстан жастар құрамасы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің аясында Мальта жастар құрамасынан басым түсті.

Оң нәтиже оңай келмеді. Кездесудің бірінші бөлігінде Қайрат Нұрдәулетовтің ойыншылары бірқатар қауіпті сәттерді ұйымдастырды, бірақ оларды нәтижелі соққыға айналдыра алмады.

Екінші таймда қазақстандық футболшылар Мальта жастар командасы қорғанысының осал тұсын тапты. Алаңның ортасымен өрбіген комбинациядан кейін Айбар Абдулла айып алаңының сыртынан тамаша соққы жасай білді. Бұл сәтте нәтижелі пастың авторы Абылайхан Назымханов атанды.

Кездесуге қорғаушы Дамир Қасаболат нүкте қойды. Ол Нұралы Жақсылықтың орындауындағы бұрыштамадан келген керемет пасты қақпаға дарытты. 

Қазақстан жастар құрамасы өз тобындағы алғашқы жеңіске жетті.

Мальта U-21 – Қазақстан U-21 – 0:2 (0:0)

Голы: Абдулла 51, Қасаболат 72

Қазақстан U-21: Анарбеков (қ) (Пивкин 85), Ткаченко (Кургин 66), Қасаболат, Жұмаханов (с), Қалмырза, Добай, Бөрібаев, Садыбеков, Назымханов (Есімбеков 85), Абдулла (Попов 78), Митрофанов (Жақсылық 66).

Қосалқы құрам: Широбоков, Асқаров, Қалдыбеков, Ғалым,

16.11.2023. Тони Беззина атындағы стадион. Паола, Мальта.

Бөлісу
Жоғары