Қазақстандық төрешілер ЕУРО-2024 іріктеу матчына тағайындалды

Қазақстандық төрешілер ЕУРО-2024 іріктеу матчына тағайындалды

16 қараша 2023, 12:16
Беларусь-Андорра кездесуінде қазақстандық төрешілер Болат Сариев, Сергей Калачев, Юрий Тихонюк және Айдын Тасыбаев жұмыс істейді.

Кездесу 18 қарашада Астана уақытымен 23:00-де басталады. Ойын Будапешттегі (Мажарстан) Ференц Суса стадионында өтеді.

Ойынның бас төрешісі болып Болат Сариев тағайындалды. Оған Сергей Калачев пен Юрий Тихонюк көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Айдын Тасыбаев атқарады.

Бөлісу
Жоғары