Айбар Абдулла: «Бапкерлер штабының ойынға қойған жоспарын толықтай орындадық»

Айбар Абдулла: «Бапкерлер штабының ойынға қойған жоспарын толықтай орындадық»

17 қараша 2023, 04:00
Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Айбар Абдулла Мальта жастар құрамасына қарсы жеңістен кейін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап берді.

- Бірінші кезекте, көптен күткен жеңіспен барша отандастарды құттықтаймын. Ойын біздің бақылауымызда болды, оң нәтижеге қол жеткіздік. Біз бапкерлер штабының ойынға қойған жоспарын толықтай орындадық, сондықтан гол соғуға көптеген жақсы сәттерге болды.

- Бапкер үзілісте қандай өзгерістер еңгізді?

- Қайрат Жұмабекұлы допты бақылауға қатысты кеңес берді. Бізде көп әбігерлік пен толқу болды, өйткені біз жылдам гол соғуды қаладық, бірақ бұл талпыныс нәтиже бермеді. Бапкерлер сабырлық сақтап, өзіміздің жоспарымызды ұстануға сұрады.

- Нәтижелі соққыңызды еске түсіре аласыз ба?

- Нәтижелі шабуыл алаңның ортасымен өрбіді. Менің әріптесім Назымхановтан пас алып, бос кеңістік тауып, жылдам соққы жасау керектігін іштей сездім. Шешім оң болып шақты, доп тура тоғыздыққа барды.

Бөлісу
Жоғары