Ұлттық құрама Еуропа чемпионатына шыққан жағдайда қарсыластары анықталды

Ұлттық құрама Еуропа чемпионатына шыққан жағдайда қарсыластары анықталды

03 желтоқсан 2023, 00:52
Қазақстан құрамасы Еуроға шыққан жағдайда Түркия, Португалия және Чехиямен ойнайды

Германияның Гамбург қаласында 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024-ке шыққан жағдайда “F” тобында Түркия, Португалия және Чехия командаларымен кездеседі.

Еуропа чемпионаты 2024 жылдың 14 маусымында басталады.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына шығу үшін алдымен Грекияны, содан соң Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазын ұту керек.

Ұлттар лигасының плей-офф матчтары 2024 жылдың 21 және 26 наурыз күндері өтеді.

Ұлттар лигасы плей-офф кезеңі:

Жартылай финал

21.03.2024. Грекия – Қазақстан. (Афина, Грекия).

Финал

26.03.2024. Грекия/Қазақстан – Грузия/Люксембург. (Грузия/Люксембург).

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары