Қазақстан футзал құрамасының Нидерланд пен Румынияға қарсы матчқа құрамы

Қазақстан футзал құрамасының Нидерланд пен Румынияға қарсы матчқа құрамы

08 желтоқсан 2023, 12:48
Кездесулер Астана мен Бухарестте өтеді.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Нидерланд және Румынияға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Тізімге 18 ойыншы енді.

 

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»);

Алаң ойыншылары: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Дамир Кайырбай (барлығы – «Қайрат»), Тайнан («Спортинг» Лиссабон, Португалия), Шыңғыс Есенаманов, Ақжол Дәрібай (оба – «Семей»), Азат Валиуллин, Әбдірасул Әбдіманапұлы (екеуі де – «Аят»), Арнольд Кнауб («Жетісу»), Лео («Жоинвиль», Бразилия), Асхат Көлбаев («Ақтөбе»), Нұрболат Батырханов («Атырау»).

Жаттықтырушылар құрамы: Рикардо Кака – бас бапкер, Дәурен Нұрғожин – бас бапкердің көмекшісі, Григорий Шамро – қақпашылар жаттықтырушысы, Тьяго Дуарте Вийера – физиотерапевт, Вендел Луиз – дене шынықтыру жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Ойбек Пулатов – массажист, Қуаныш Ізбасаров – менеджер, Рахат Әкімқұл – администратор.

Естеріңізге сала кетейік, 14 желтоқсанда Қазақстан футзал құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Нидерландпен ойнаса, 20 желтоқсанда Бухарестте Румыния құрамасына қарсы ойын өткізеді.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас серіктесі

Бөлісу
Жоғары