ҚФФ Қазақстанның барлық өңірінде бұқаралық футбол апталығын ұйымдастырды

ҚФФ Қазақстанның барлық өңірінде бұқаралық футбол апталығын ұйымдастырды

11 желтоқсан 2023, 17:02
ҚФФ бұқаралық футбол департаменті аймақтық футбол қауымдастықтарының көмегімен  Қазақстанның барлық өңірінде жыл сайынғы Еуропалық спорт апталығы аясында «УЕФА бұқаралық футбол аптасын» (UEFA Grassroots week) өткізді.

УЕФА-ның бұқаралық футбол бойынша бағдарламасы бүкіл әлем бойынша футболдың осы түрі маңызды екенін ерекше атап өтеді. Іс-шараның басты мақсаты жас футболшылардың шеберлігін шыңдап, еліміздегі балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына үлес қосу.

«Футбол аптасы» қарсаңында еліміздің барлық өңірінде өткен балалар мен жасөспірім командалары арасындағы барлық жас ерекшеліктері бойынша шағын футболдан жарысқа 100-ден астам команда қатысқан.

Барлық жеңімпаз команда мен жүлдегерлерге ҚФФ атынан естелік сыйлықтар табысталды.

 
Бөлісу
Жоғары