Астанада жекеменшік мектептер арасында республикалық турнир өтеді

Астанада жекеменшік мектептер арасында республикалық турнир өтеді

11 желтоқсан 2023, 12:34
Елордада жекеменшік футбол мектептері мен академияларының арасында «JKFL» Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі өтеді.

Турнирге еліміздің барлық өңірінен 56 мектеп қатысады. Жарыс төрт жас ерекшелігі бойынша әртүрлі форматта өтеді: 2012-2013 жж. 12 команда  («5+1» форматы), 2010-2011 жж. 17 команда  («7+1» форматы), 2008-2009 жж. 15 команда («8+1» форматы) және 2006-2007 жж. 12 команда («10+1» форматы). Финалдық кезең 13-19 желтоқсан күндері футбол Үйінде өтеді.

Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен жекеменшік футбол мектептері мен академияларының футбол лигасы құрылып, «JKFL» деген атау алды. Жоба еліміздің шалғай аймақтарын түгелдей қамтиды.

Биыл «JKFL» футбол лигасы Қазақстанның барлық өңірінен 5 мыңнан астам баланы қамтыды. Ал финалдық кезеңге 1100 бала қатысады.

«JKFL» финалдың кезеңінің қатысушы командалары:

2006-2007 жж.
Целиноград – Астана
Vista  – Астана
Mustang – Алматы
Рузаевка – Алматы
Қызыл Жар – Шымкент
В. Асылбаев ат. ФО  – Қарағанды
Арсенал – Атырау
Наман – Қызылорда облысы
Әлихан – Ақтөбе
Феникс – Қостанай облысы
Регион - 08 – Жамбыл облысы
Намыс – Маңғыстау облысы

 

2008-2009 жж.
Vista – Астана    
ProsprtQosshy – Астана
Sparta Almaty – Алматы
Аккент – Алматы
Мансур – Шымкент
Шымсити – Шымкент
ЧФШ УКЦС – Шығыс Қазақстан облысы
ӨЖЕТ – Қарағанды
Аякс – Атырау
Наман – Қызылорда облысы
Болашақ – Батыс Қазақстан облысы        
Намыс – Маңғыстау
Батыр – Павлодар
Ярыш – Семей
Sporting – Ұлытау облысы

 

2010-2011 жж.
AIBYN – Астана
El Classico – Астана
Аккент – Алматы
NGFS – Алматы
Шымсити – Шымкент
Тұран – Шымкент
Forsage – Шығыс Қазақстан облысы
Реал Спорта – Атырау
Іле Сәулет – Алматы облысы
КГЭК  – Қызылорда облысы
AS – Ақтөбе
Батыр – Батыс Шығыс Қазақстан облысы
Orion – Қостанай
Жас-Тараз – Жамбыл облысы
Намыс – Маңғыстау облысы
Ярыш – Семей
Sporting – Ұлытау облысы

 

2012-2013 жж.
AIBYN – Астана
Целиноград – Астана
JEYRAN – Алматы
NGFS – Алматы
Олимпик – Шымкент
Forsage – Шығыс Қазақстан облысы
Көктем – Атырау
Қаскелен – Алматы облысы
Футбол Тайм – Батыс Шығыс Қазақстан облысы
BARS – Қостанай облысы
Намыс – Маңғыстау облысы
Sporting – Ұлытау облысы

Бөлісу
Жоғары