Шымкент пен Алматы қалаларының стадиондарын тексеру басталды

Шымкент пен Алматы қалаларының стадиондарын тексеру басталды

24 сәуір 2024, 16:36
УЕФА стадион инспекторы Илан Яблковский Шымкент пен Алматыдағы стадиондардың УЕФА санаттарына сәйкестігін тексеру үшін арнайы Қазақстанға келді.

Инспектор Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы Орталық стадионда болып, спорт нысанының жазда өтетін еурокубок матчтарына дайындығын тексерді.

Сондай-ақ УЕФА өкілі Алматыға барып, Орталық стадионның УЕФА-ның 4-ші санатына сәйкестігін тексеруді жоспарлап отыр.

Тексеру жұмыстарының нәтижелері кейінірек жарияланады.

Бөлісу
Жоғары