ФИФА-мен ынтымақтастық аясында 15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасына іріктеу өтіп жатыр

ФИФА-мен ынтымақтастық аясында 15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасына іріктеу өтіп жатыр

25 мамыр 2024, 17:07
Қазақстан футбол федерациясының FIFA High Performance департаментімен ынтымақтастығы аясында шақырылған ағылшын маманы Стюарт Джон Холлдың жетекшілігімен Алматыда 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына іріктеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жарты жылда Стюарт Джон Холл ҚФФ Техникалық орталығының, Ұлттық құрамалардың жаттықтырушылар штабының, сондай-ақ аймақтық ҚФФ бапкерлерінің қолдауымен бүкіл Қазақстан бойынша іріктеу жүргізді. Скаутинг нәтижелері бойынша болашақ U-15 құрамасы үшін 43 ойыншының портфолиосы құрылды.

Бағдарлама үш жылға созылады. Іріктеуде өзін көрсете білген 2010 жылғы 25 талантты футболшы Талғар қаласында оқу-жаттығу жұмыстарын өткізу үшін ұлттық академияға біріктіріледі. Жас ойыншылар бапкерлік штабтың жетекшілігімен жаттығып, ФИФА мен УЕФА-ның турнирлерінде тұңғыш Қазақстан U-15 құрамасының намысын қорғайды.

Бөлісу
Жоғары