Футзалдан Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Футзалдан Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

26 мамыр 2024, 22:08
Бүгін, 26 мамыр күні, Самарқанда (Өзбекстан) 2024 жылғы футзалдан Әлем чемпионатаның жеребесі тартылды.

Турнир 14 қыркүйек – 6 қазан аралығында Ташкент, Бухара және Әндіжан қалаларында өтеді.

Қазақстан ұлттық құрамасы жеребе қорытындысы бойынша «D» тобына түсті. Қарсыластары – Испания, Жаңа Зеландия және Ливия құрамалары.

Топтық кезеңіндегі ойындарымыз 15, 18 және 21 қыркүйекте Әндіжан мен Ташкентте өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан төрткүл дүние додасына төртінші рет қатыспақ. Бұған дейін біздің футзалшылар Гватемала, Колумбия және Литвада өткен әлем біріншіліктеріне қатысқан еді

Қазақстан құрамасының ойындар кестесі:

15 қыркүйек

Испания – Қазақстан

Әндіжан әмбебап спорт кешені, Әндіжан

 

18 қыркүйек

Ливия – Қазақстан

Әндіжан әмбебап спорт кешені, Әндіжан

 

21 қыркүйек

Қазақстан – Жаңа Зеландия

«Хумо Арена», Ташкент

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары