Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Армения, Дания және Албания құрамаларымен ойнаймыз

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Армения, Дания және Албания құрамаларымен ойнаймыз

30 мамыр 2024, 19:28
Ньонда (Швейцария) футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 5-топта Армения, Дания және Албания құрамаларымен кездеседі.

Жеребеде 40 команда 10 топқа бөлінді. Топ жеңімпаздары ЕУРОға тікелей жолдама алса, екінші орын алған командалар өтпелі матч ойнайды.

Литва және Латвияда өтетін Еуропа чемпионаты 2026 жылы 18 қаңтар – 8 ақпан аралығында болады. Іріктеу турнир 2024 жылдың 9 желтоқсанында басталады, яғни Өзбекстандағы Әлем чемпионатынан кейін. Іріктеу «үйде/сырт алаңда» жүйесімен өтеді.

 

Бөлісу
Жоғары