Алматыда Walking Football-дан екінші турнир өтті

Алматыда Walking Football-дан екінші турнир өтті

27 мамыр 2024, 18:00
26 мамыр күні Алматыда Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен Walking Football – Алматы аңыздары турнирі өтті.

Walking Football – 50 жастан асқан асқандарға арналған ерекше футбол түрі. Ереже бойынша футболшылар жаяу жүріп ойнайды: жүгіруге және қарсыласын шалып құлатуға тыйым салынған.

Алматыдағы ЦСКА стадионында өткен жарысқа 7 команда қатысты. Финалда «Алтай» мен «Таймас» командалары кездесті. Жеңімпаз пенальти сериясында шешіліп, «Алтай» командасы чемпион атанды. Жүлдегерлер үштігіне «Достар» ұжымы енді.

Жарыс жүлдегерлері:

1 орын – «Алтай»

2 орын – «Таймас»

3 орын – «Достар»

Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар марапатталды:

Үздік қақпашы - Игорь Гавриленко

Үздік қорғаушы - Серік Бердалин

Үздік шабуылшы - Дәрденбай Үнебаев

Үздік ойыншы - Марат Мырзабаев

Үздік сұрмерген - Жұмағазы Қалбенов 

Айта кетейік, Walking Football-дан еліміздегі алғашқы турнир Астанда өткен еді

Бөлісу
Жоғары