Алматыда әйел жаттықтырушыларға арналған семинар аяқталды

Алматыда әйел жаттықтырушыларға арналған семинар аяқталды

28 мамыр 2024, 13:10
Алматыда йел жаттықтырушыларға арналған біліктілікті арттыру және дарынды ойыншыларды іздеу мен анықтау бойынша төрт күндік семинар өтті.

Бұл семинар УЕФА-ның «А» және «В» санатты лицензиясына оқып жатқан әйел бапкерлер мен «А» санаты бар әйел жаттықтырушыларға арналған. 

Оқыту курсын ҚФФ Лицензиялау департаменті мен Әйелдер футбол департаменті бірлесіп ұйымдастырды. Бұл жоба қыздар футбол командасын дайындау және дамыту аясында өтті.

Семинардың басты мақсаты - еліміздегі қыздар футболын дамуына ықпал ететін бапкерлік біліктілікті арттырып, жаңа практикалық әдістемелерді үйрету. Семинарға ФИФА және УЕФА-да а жаттықтырушылық және оқытушылық жұмыс тәжірибесі мол нұсқаушы Каролин Кунше қатысты.

Оқыту бағдарламасы практикалық және теориялық сабақтар кезеңінен тұрады. Семинар барысында қатысушылар оқу жоспарын жүргізу, ойыншының әлеуетін іздеу мен дамыту тәсілдерін қамтитын скаутинг негіздерін үйренеді, сондай-ақ алған жаңа білімдерін практикада іске асыруға мүмкіндік алды.

Оқырту курсы аяқталған соң әйел жаттықтырушыларға арнайы сертификат табысталды. Олар:

  • Мальгаждарова Жанна - «Астана» ФК
  • Саратовцева Ирина - «Астана» ФК
  • Ялова Мария - «Қайрат» ФК
  • Корнецова Сюзанна - «Қайрат» ФК
  • Рудикова Александра -  «Шахтёр» ФК
  • Мамонова Юлия -  «Жетісу» ФК
  • Ширяева Юлия - «Ақсу» ФК
  • Постовая Ксения - «Ақсу» ФК
  • Дәуренбекова Орынбасар - «№8 БЖМОРСМ»
  • Досжанова Махаббат - «№8 БЖМОРСМ»
  • Иванова Наталья - «Жас Қыран» ФО
  • Рыбалкина Татьяна - «Жас Қыран» ФО
Бөлісу
Жоғары