«Малайсары» – жағажай футболынан 2024 жылғы Қазақстан Кубогының иегері!

«Малайсары» – жағажай футболынан 2024 жылғы Қазақстан Кубогының иегері!

09 маусым 2024, 22:52
Павлодарда әуесқой командалар арасында жағажай футболынан 2024 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогы аяқталды.

Жетісу облысының атынан қатысқан «Малайсары» командасы ел Кубогын жеңіп алды.

Күміс жүлдені 1хSpartak (Абай облысы) иеленсе, жүлдегерлер үштігін павлодарлық «Арман» түйіндеді.

Жеке марапат:

Үздік ойыншы - Самат Ысқақов («Малайсары»)

Үздік қорғаушы - Станислав Макагон («Арман»)

Үздік қақпашы - Тимофей Гусев (1хSpartak)

Сұрмерген -  Арман Шотанов («Barqy»)

Марапаттау рәсіміне ҚФФ бұқаралық футбол департаментінің директоры Никита Мозговой мен ҚФФ аймақтық байланыс департаментінің директоры Марат Тәкенов қатысты.

Бөлісу
Жоғары