Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны және «Қайрат» АФК өзге ойыншыларымен болған жағдайға байланысты ҚФФ мәлімдемесі

Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны және «Қайрат» АФК өзге ойыншыларымен болған жағдайға байланысты ҚФФ мәлімдемесі

10 маусым 2024, 13:07
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама мен «Қайрат» АФК капитаны Лео Игитамен және өзге де алматылық ойыншылардың қатысуымен болған жағдай ұйымның тиісті заңды органымен қарастырылатынын мәлімдейді.

Федерация мұндай жағдайдың алдағы уақытта қайталанбауына, ойыншылар арасында этика мен кәсібиліктің жоғары деңгейін ұстап тұруға, сондай-ақ жанкүйерлер арасында мұндай оқиғалардың алдын алуға бар күшін салады.

Барлық жағдайлар талданып, қажетті тәртіптік шаралар қабылданады.

Бөлісу
Жоғары