Астанада отандық төрешілердің оқу-жаттығу жиыны басталды

Астанада отандық төрешілердің оқу-жаттығу жиыны басталды

12 маусым 2024, 22:29
Қазақстан футбол федерациясының Футбол үйінде отандық төрешілерге арналған оқу-жаттығу жиыны басталды.

Жиынға 100-ден аса төреші қатысады. Оның ішінде, Премьер-лига, Бірінші лига, ассистенттері мен VAR-төрешілері бар. 

Оқыту бағдарламасында теориялық және практикалық сабақтар бар. Атап айтқанда, «ойын менеджменті, ойынды қадағалау», «дөрекі ойын, спорттық емес тәртіптер», «қолмен ойнау мен APP жағдайлардың анализі» және «VAR араласудың шекарасы. Қызыл қағазбен байланысты араласулар» секілді теориялық сабақтар өтеді.

Сонымен қатар, жаттығу сабақтары мен бүкіл жиын барысында дене салмағының индексін бақылау процедурасы жүргізіледі.

Бөлісу
Жоғары