Бауыржан Исламхан: «Барлық жігіттер бүкіл күштерін салып ойнайды»

Бауыржан Исламхан: «Барлық жігіттер бүкіл күштерін салып ойнайды»

10 маусым 2024, 22:45
Қазақстан ұлттық құрамасы жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Әзербайжан құрамасына қарсы болатын матч туралы пікірін айтты.

– Ең алдымен бапкерлік құрамға рақметімді айтқым келеді. Қаншама уақыт ойнамадыме, екі жыл жарақат болды. Оралғаныма өте қуаныштымын. Енді Әзербайжанға келетін болсақ, екі жыл бұрын бұл командамен ойнадық. Өте жақсы құрама. Бізді ертең өте қиын ойын күтіп тұр. Өзіміздің қандай жағдайда екенімізді білеміз. Барлық жігіттер бүкіл күштерін салып ойнайды. Әзербайжанды жақсы қарсылас деп жатырмыз. Бірақ бізде де керемет ойындар болды. Қазақстан құрамасының қандай жақсы команда екенін олар да біледі. Қысқасы, ертең жақсы ойын күтіп тұр бізді.

Бөлісу
Жоғары