Футбол үйінде «Atlético de Madrid» клубымен меморандумға қол қойылды

Футбол үйінде «Atlético de Madrid» клубымен меморандумға қол қойылды

11 маусым 2024, 18:33
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов, испаниялық «Atlético de Madrid» футбол клубының президенті Энрике Сересо мен Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Данияр Әбілғазин балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес, тараптар спорттық оқу-жаттығу орталығының құрылысы мен элиталық білім беру бойынша тәжірибе алмасады, сонымен қатар «Atlético de Madrid» стратегиялық қызмет атқарады.

Жоба аясында Алматы облысы Талғар қаласында Ақбұлақ Олимпиадалық орталығының базасында спорттық-білім беру академиясын құру жоспарланып отыр. Академияда заманауи стандарттарға сай футбол алаңдары, спорт залдары, оқу сыныптары мен медициналық-оңалту орталығы болады.

Жаттықтырушылар құрамына Испаниядан жоғары білікті бапкерлер шақырылады. Жас футболшылар «Atlético de Madrid» әдісі бойынша дайындалып, арнайы грант арқылы Испанияда жаттығуға мүмкіндік алады.

Бөлісу
Жоғары