ҚФФ мен ҚазСТА футболдан жоғары білікті жаттықтырушыларды бірге дайындайды

ҚФФ мен ҚазСТА футболдан жоғары білікті жаттықтырушыларды бірге дайындайды

13 маусым 2024, 14:34
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) футболдан жоғары білікті жаттықтырушыларды дайындау жөнінде Қазақ Спорт және Туризм Академиясымен (ҚазСТА) cтратегиялық келісімге келді.

Қазақстан футболын дамыту стратегиясын іске асыру аясындағы бұл ынтымақтастық студенттерге футбол жаттықтырушысы саласында сапалы білім алуға және кәсіби жаттықтырушы болу арманын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Студенттер бағдарлама аяқталған соң «Футбол жаттықтырушысы» квалификациясын және УЕФА-ның «С» санатты лицензиясын алады. Бұл арқылы жас мамандар Қазақстан ғана емес, шетелде де балалар мен жастар командасымен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Оқыту бағдарламасы футбол әлеміндегі табысты мансап үшін қажетті практикалық дағдылар мен теориялық білімді дамытуға бағытталған.

Бұдан бөлек, 2024 жылдың сәуірінен бастап ҚазСТА жанында футболдан QFL Қазақстан Екінші лигасында бақ сынайтын «KazAST» клубы бар. Жастар командасы Алматы қаласының «А лигасында» ойнайды. Екі команданың да құрамы студенттер мен «KIFS» балалар академиясының шәкірттерінен тұрады. 

«Футбол жаттықтырушысы» мамандығына оқуға түскісі келетіндер +7 747 791 98 63 нөмірі арқылы футбол кафедрасына хбарласа алады.

Бөлісу
Жоғары