Қазақстанда алғаш рет УЕФА 2024/25 Аймақтар кубогының матчтары өтеді

Қазақстанда алғаш рет УЕФА 2024/25 Аймақтар кубогының матчтары өтеді

25 маусым 2024, 11:00
Қазақстан 2024/25 жылғы маусымының әуесқой командалары арасында УЕФА Аймақтар кубогы іріктеу матчтарының қожайыны ретінде таңдалды.

Естеріңізге сала кетейік, екі жыл сайын өткізілетін әуесқой командалар арасындағы УЕФА Аймақтары Кубогы аралық және финалдық кезеңдерден тұрады. Рейтингтің арқасында Қазақстан аралық кезеңге тікелей шығатын 30 елдің қатарына кіреді. Қалған 6 команда алдын-ала кезеңінде екі жолдамаға таласады.

Қазақстанның атынан 2023 жылғы әуесқойлары арасындағы ел чемпионы – Павлодар облысының "Ақбет" командасы өнер көрсетеді. Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі 2023 жылдың 9-15 қазан аралығында Павлодар қаласында өтті. Онда аймақтық кезеңінің 10 жеңімпаз командасы қатысты.

УЕФА Аймақтар кубогы матчтары 2024 жылдың 19-25 тамыз аралығында Талғар қаласында өтеді.

Бөлісу
Жоғары