ҚФФ Атқарушы комитеті
Омаров Марат Талғатұлы
Президент
БОРАНБАЕВ ҚАЙРАТ СОВЕТАЙҰЛЫ
ҚЫРҒЫЗБАЕВА БЕГАЙЫМ САПАРҚЫЗЫ
ОРАЗБЕКОВ ҚАЙРАТ АЙТМОЛДАҰЛЫ
ТУРЛОВ ТИМУР РУСЛАНОВИЧ
Гаджиев Гаджи Шапиевич
Құрман Нұрсұлтан Амангелдіұлы
Ерғалиев Әсет Арманұлы
Ломтадзе Михаил Нугзарович
Масудов Вахид Юнусович
Нуну Алешандре Паррейра де Каштру
Омаров Марат Талғатұлы
Президент

1988 жылдың 20 қыркүйегінде туған.

2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша британдық Йорк университетін «философия, саясаттану, экономика» мамандығы бойынша, 2011 жылы әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріле отырып, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) бітірді.

Мансап

2012-2014 жылдары – Экономикалық даму және сауда, кейіннен- Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.

2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.

2016-2017 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарушы директоры.

2017-2019 жылдары – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы, трансформациядан кейін – «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді).

2019 жылдан бастап 2020 жылғы қазанға дейін – «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы тамызға дейін – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2022 жылғы 16 тамызда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

БОРАНБАЕВ ҚАЙРАТ СОВЕТАЙҰЛЫ

1989 ж. – Қайрат Боранбаев Қазақ дене шынықтыру институтын бітіріп, кейін бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасының спорт мектептерінде оқытушы-бапкер ретінде педагогикалық қызмет атқарды.

2000 жылы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығын бітіріп, екінші жоғары білімін алды.

Педагогика ғылымдарының кандидаты

1993 жылдан бері – мемлекеттік және бизнес-құрылымдарда түрлі басшылық қызметте жұмыс істейді

2006 жылы Қайрат Боранбаев қазақстандық-ресейлік «КазРосГаз» кәсіпорнының Басқарма Төрағасы (Бас директор) қызметіне тағайындалды. «КазРосГаз» компаниясын 6 жыл бойы басқарған ол мемлекеттік маңызды жобаларды қолдап, оларды дамыту бағытында белсенді қызмет атқарады.

2009 жылы қоғамдық қызмет атқарып, Қазақстан Республикасында салауатты өмір салтын қолданып және оны насихаттап жүрген Қайрат Советайұлы «Қостанай облысы бокс федерациясы» Қоғамдық Бірлестігінің Президенті болып сайланды.

2012 жылы Қайрат Боранбаев «Қайрат» футбол клубы Бақылау кеңесінің Төрағасы атанды. Оның қатысуымен Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдер футболы жоспар бойынша дамып, клубтың халықаралық жоғары стандарттарға сай инфрақұрылымы салынды.

2014 жылдан бастап Қайрат Боранбаев «Алмалы» активтерін басқару Компаниясы» атты қазақстандық ірі холдингтің Бас директоры саналады.

2015 жылдың 17 наурызынан бері – Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті.

Қайрат Боранбаевтың көпжылдық мұнтаздай жұмысы мен кәсіптік қасиеті мемлекет назарынан тыс қалмады. Бұған оның жоғары наградалары дәлел. Мемлекет алдындағы еңбегі үшін, белсенді қоғамдық қызметі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін ол «Құрмет» Орденімен және «Парасат» Орданімен марапатталды. Рухани-өнегелі және адамгершілік қаситеттердің дамуы бағытындағы бағдарламаны қолдағаны үшін Боранбаев Қ. «Аль-Фахр» Құрметінің ІІ дәрежелі ордені – Ресей мүфтилері Кеңесінің жоғары наградасымен, халықтар арасында татулық пен достықты нығайту жолында елеулі үлес қосқаны үшін ІІІ дәрежелі «Даңқ және Құрмет» орденімен және ІІІ дәрежелі Даниил Московский орденімен марапатталды.

ҚЫРҒЫЗБАЕВА БЕГАЙЫМ САПАРҚЫЗЫ

Туған күні: 15.06.1987

Атқаратын қызметі: «Оқжетпес» ӘФК бас жаттықтырушысы, Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысының ассистенті

Жұмыс тәжірибесі:

2003-2021 – Футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының кәсіби ойыншысы;

2005-2009 – «Алма-ҚТЖ» ӘФК кәсіпқой ойыншысы (Алматы);

2010-2012 – «МЖСШБ» ӘФК кәсіпқой ойыншысы (Алматы);

2012-2014 – «БИІК-ҚАЗЫҒҰРТ» ӘФК кәсіпқой ойыншысы (Шымкент);

2015-2016 – «СШВСМ» ӘФК кәсіпқой ойыншысы (Алматы);

2017 – «БИІК-ҚАЗЫҒҰРТ» ӘФК кәсіпқой ойыншысы (Шымкент);

2019 – «Оқжетпес» ӘФК бас бапкері (Көкшетау);

2019-2021 – «Оқжетпес» ӘФК кәсіпқой ойыншысы (Көкшетау);

2021 - қазіргі уақытқа дейін – «Оқжетпес» ӘФК бас бапкері (Көкшетау);

2022 - қазіргі уақытқа дейін – футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысының ассистенті.

 

 

ОРАЗБЕКОВ ҚАЙРАТ АЙТМОЛДАҰЛЫ

Туған күні: 01.09.1965

Атқаратын қызметі: «Энергомост» консорциумы Директорлар кеңесінің төрағасы, «Ақсукант» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «Элитстрой Групп» ЖШС Басқарма Төрағасы, «Қайрат» АФК Президенті

Жұмыс тәжірибесі:

1989-1992 – «Қазсельхоз техника» ҚазКСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп объектілерін техникалық қайта жарақтандыруды жоспарлау жөніндегі инженері;

1992-1994 – «Алматы-Вена» Бас директоры;

1994-1997 – «Қайнұр» ЖШС директоры;

1997-1999 – «Теплоэнергомаш» ЖШС директоры;

1999-2003 – «Элитстрой» ЖШС қаржы директоры;

2003-2005 – «Алтел» АҚ президенті (DALACOM);

2005-2006 – «Элитстрой» ЖШС Бас директоры;

2006-2017 – «Элитстрой Групп» ЖШС президенті;

2017 ж. – «Энергомост» консорциумы Директорлар кеңесінің төрағасы;

2018 ж. – «Ақсуқант» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.

 

 

ТУРЛОВ ТИМУР РУСЛАНОВИЧ

Туған күні: 13.11.1987

Атқаратын қызметі: «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Freedom Finance Global PLC жария компаниясының президенті

Жұмыс тәжірибесі:

2005-2006 – «ЮТРЭЙД.РУ» ААҚ биржалық сауданы оқытудың талдаушысы;

2006-2007 – «ЮТРЭЙД.РУ» ААҚ биржалық сауданы оқыту бөлімінің бас маманы;

2007-2008 – «ЮТРЭЙД.РУ» ААҚ биржалық сауданы оқыту бөлімі бастығының орынбасары;

2008 – «ЮТРЭЙД.РУ» ААҚ сату және клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің бастығы;

2009-2010 – «Қаржы Трейд Эссет Менеджмент «Басқарушы компаниясы» ЖШҚ клиенттерді тарту бөлімінің бастығы;

2010-2011 – «НАТТРЕЙДЕР» ЖШҚ бас директорының халықаралық нарықтардағы жұмыс жөніндегі орынбасары;

2011 - қазіргі уақытқа дейін – «Фридом Финанс» ИК ЖШҚ бас директоры;

2012 – «NOMAD FINANCE» АҚ Басқарма Төрағасы;

2013-2017 – «Фридом Финанс» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі;

2014 - қазіргі уақытқа дейін – FFIN Brokerage Services Inc. Президенті;

2015 - қазіргі уақытқа дейін – Freedom Holding Corp. Директорлар кеңесінің төрағасы, Бас директоры;

2015 - қазіргі уақытқа дейін – Freedom Finance Europe Ltd (бұрын - FFINEU Investments LTD) директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры;

 

2015 - қазіргі уақытқа дейін –  «ФФИН Банк» ЖШҚ Бақылау кеңесінің төрағасы;

2017 - қазіргі уақытқа дейін – «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2018 - қазіргі уақытқа дейін – «Мәскеу биржасы» ЖАҚ қор нарығы комитетінің мүшесі;

2018 - қазіргі уақытқа дейін – «Freedom Finance Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2018 - қазіргі уақытқа дейін – «Freedom Finance Insurance «Сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2019 - қазіргі уақытқа дейін – «Санкт-Петербург биржасы» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

2019 - қазіргі уақытқа дейін – «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

2019 - қазіргі уақытқа дейін –қор нарығына қатысушылардың ұлттық қауымдастығының брокерлік қызмет жөніндегі кеңесінің мүшесі;

2020 - қазіргі уақытқа дейін – «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (бұрын «Kassa Nova Банкі» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ);

2021 - қазіргі уақытқа дейін –  «Freedom Finance Global PLC» Қоғамдық компаниясының президенті.

 

 

 

Гаджиев Гаджи Шапиевич
Құрман Нұрсұлтан Амангелдіұлы
Ерғалиев Әсет Арманұлы
Ломтадзе Михаил Нугзарович
Масудов Вахид Юнусович
Нуну Алешандре Паррейра де Каштру
Жоғары