1988 жылдың 20 қыркүйегінде туған.
2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша британдық Йорк университетін «философия, саясаттану, экономика» мамандығы бойынша, 2011 жылы әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріле отырып, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) бітірді.
Мансап
2012-2014 жылдары – Экономикалық даму және сауда, кейіннен- Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.
2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.
2016-2017 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарушы директоры.
2017-2019 жылдары – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы, трансформациядан кейін – «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді).
2019 жылдан бастап 2020 жылғы қазанға дейін – «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы тамызға дейін – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы 16 тамызда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
2023-2025 жылдары Скотт Манн Англияның «Тоттенхэм Хотспур» клубында футбол жөніндегі директор қызметін атқарды. Ол клубтың академиясын, ерлер және әйелдер командаларын қоса алғанда, барлық футбол қызметіне жетекшілік етті. Осы кезеңде «Тоттенхэм Хотспур» 2024/25 жылғы УЕФА Еуропа лигасының жеңімпазы атанып, Англия футбол лигасы кубогының жартылай финалына шықты.
«Тоттенхэм Хотспурға» келгенге дейін Скотт Манн Қытайдағы City Football Group компаниясының бас директоры және «Сычуань Цзюньню» футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Ол Қытай футбол қауымдастығын реформалау жөніндегі жұмыс тобындағы жалғыз батыстық өкіл болды. Сонымен қатар Қытайдағы Англия Премьер-лигасы клубтары арасындағы ең ірі демеушілік портфельді қалыптастыруға қатысты.
Бұған дейін Скотт Манн Австралияның «Мельбурн Сити» клубының алғашқы бас директоры болды. Оның басшылығымен 100 қызметкер мен ойыншыдан тұратын ұжым құрылып, Etihad, Nike және Westpac компаниялары демеуші ретінде тартылды. Сондай-ақ құны 20 миллион доллар болатын жаттығу базасы салынып, клуб мүшелерінің саны 13 500 адамға дейін өсті.
Ол қызмет атқарған кезеңде «Мельбурн Сити» төрт маусым қатарынан А-лиганың плей-офф кезеңіне шығып, FFA кубогын жеңіп алды. Ал әйелдер командасы W-League чемпионатында үш рет қатарынан топ жарды. Скотт Манн клубты City Football Group компаниясының сатып алу үдерісін ұйымдастыруға да қатысты.