Тәртіп ережелері

Тәртіп ережелері

Ұлттық құрама матчтарындағы көрермендердің тәртіп ережелері

1. Спорт іс-шарасына келген көрермендердің құқығы бар:

1.1. Спорт нысанының аумағына билеттер, шақырулар немесе матчқа дейін және матч кезінде кіруге құқық беретін белгіленген үлгідегі құжаттар болған жағдайда кіруге.

1.2. Ұйымдастырушылар мен стадион әкімшілігі ұсынатын барлық қызметтерді пайдалануға.


2. Көрермендер орындауға міндетті ережелер:

2.1. Матчқа билеттерді іс-шараны ұйымдастырушының ресми серіктесінен сатып алу.

2.2. Қоршауларға белгіленген талаптарға сай келетін баннерлерді орналастыруды шара ұйымдастырушыларымен келісу (жазбалардың мазмұны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын, UEFA мен FIFA талаптарын бұзбауы керек. Саяси, діни ұрандар және футбол матчының қатысушыларына, төрешілерге, басқа көрермендерге, полиция қызметкерлеріне және т.б. қатысты балағат, дөрекі сөздер қолданылмауы керек).

2.3. Стадионға кіре берісте бақылаудан өту уақытын ескере отырып, іс-шара басталар алдында спорт стадионына ертерек келу.

2.4. Қоғамдық тәртіпті және жалпы қабылданған тәртіп нормаларын сақтау және ұстану.

2.5. Іс-шараның басқа көрермендері мен қатысушыларына, қызмет көрсетуші персоналға, тәртіпті сақтауға жауапты тұлғаларға құрметпен қарау, басқаларға қауіп төндіретін әрекеттерден аулақ болу.

2.6. Іс-шараны ұйымдастырушыларға, жеке күзет ұйымдары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне іс-шараға кіру құқығын беретін билеттерді, шақыруларды немесе құжаттарды, сондай-ақ спорт кешенінің аумағына көлік құралдарының кіруіне арналған рұқсаттамаларды ұсыну. Сонымен қатар сатып алынған билеттерде, шақыруларда немесе құжаттарда көрсетілген орындарға қатаң сай орындарды ғана алу.

2.7. Тәртіп сақтаушы органдардың, жеке күзет ұйымдарының стадионға кіре берісте тексеріс бақылауынан өту.

2.8. Шара ұйымдастырушыларының, стадион әкімшілігінің және құқық қорғау органдарының заңды бұйрықтарын орындау.

2.9. Күдікті заттардың, түтіннің немесе өрттің анықталған жағдайлары туралы стадион әкімшілігіне немесе құқық қорғау органдарының өкілдеріне дереу хабарлау.

2.10. Эвакуация туралы ақпаратты алған кезде іс-шараны ұйымдастырушылардың, спорт кешені әкімшілігінің, жеке күзет ұйымдары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге, тыныштықты сақтауға және дүрбелең тудырмауға жауапты нұсқаулығына сәйкес әрекет ету.

2.11. Көрсетілген 2.4 - 2.7 тармақтарының ережелерін сақтамаған тұлғаларға кіру рұқсат етілмейді немесе спорттық іс-шарадан шеттетілуі мүмкін.

 

3. Көрермендерге тыйым салынады:

3.1. Спорт кешенінде алкогольдік және есірткілік мас күйде кіруге, алкогольдік ішімдіктерді алып жүруге және ішуге, психотроптық және есірткі заттарын пайдалануға.

3.2. Спорт ғимаратына басқа көрермендерге қауіп төндіретін қаруды, тез тұтанатын, жарылғыш, улы, пиротехникалық, иісті заттарды, тесетін және кесетін заттарды, үлкен чемодандар мен сөмкелерді, шыны ыдыстарды, бөтелкелерді және іс-шараны қалыпты өткізуге кедергі келтіретін заттарды алып келуге.

3.3. Нәсілдік, әлеуметтік, ұлттық араздықты қоздыруға, іс-шараға қатысушыларды және басқа да көрермендерді мазақ етуге бағытталған белгілерді көрсетуге.

3.4. Трибуналарға, алаңға заттарды лақтыруға, сондай-ақ, спорттық іс-шараны өткізу ережелерін, тәртібін бұзатын басқа да әрекеттерді жасауға.

3.5. Іс-шараға қатысушылардың, көрермендердің адамдық қасиетін төмендететін немесе адамгершілігін мазақ ететін, айқайға немесе басқа әрекеттерге жол беретін іс-әрекеттерге.

3.6. Іс-шара кезінде өтпелерде, баспалдақта болуға, қатысушылар мен көрермендердің қозғалысына кедергі келтіруге, орындықтарға тұруға, қоршауларға, парапеттерге, жарықтандыру құрылғыларына, мачталарға, жүк көтергіш құрылымдарға көтерілуге, стадион мүлкін бүлдіруге.

3.7. Стадион әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз сауда жасауға, жазулар жасауға және хабарландыруларды, плакаттарды және ақпараттық мазмұндағы басқа да өнімдерді жабыстыру.

3.8. Кез келген рұқсат етілмеген саяси әрекеттерді орындауға.

3.9. Билеттерді қайта сатумен айналысуға.

3.10. Спорттық іс-шараның басында, барысында және соңында ойын алаңына шығуға, жүгіруге.

3.11. Стадионда темекі өнімдері/ темекі/ электронды темекі шегуге.

3.12. Іс-шараға жануарлармен келуге.

3.13. Спорт кешенінде көрсетілген 3.1 - 3.12 тармақтарындағы тәртіп ережелерін сақтамаған көрермендер іс-шарадан шеттетіледі, ал заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

3.14. Іс-шараны ұйымдастырушы 3.2 - 3.10-тармақтарды бұзған өзге тұлғалардың әрекеті үшін оған айыппұл салынған жағдайларда, келтірілген залалдың орнын толтыру мақсатында Қазақстан Республикасының әділет органдарына жүгінуге құқылы.

Жоғары