Елу ойынды еңсерген қақпашы - Игита

Елу ойынды еңсерген қақпашы - Игита

02 ақпан, 13:29
Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Игита Хорватиямен өткен ойында (2:1) Ұлттық құрамадағы 50-ші ойынын өткізді.

Қазақстан футбол федерациясының Футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев Қазақстан мен Хорватия ойынының алдында қақпашығы естелік жейдесін сыйға тартты.

Ал, матч аяқталған соң Игитаны тағы бір сыйлық күтіп тұрды. «Umbro Futsal awards-2018» халықаралық номинациясы бойынша әлемнің үздік қақпашысы сыйлығын Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов табыстады. Бұл атақты Игита 2015 және 2016 жылдары иеленген еді.

Бөлісу
Жоғары