Қазақстан алғашқы ойында Хорватияны ұтты

Қазақстан алғашқы ойында Хорватияны ұтты

01 ақпан, 20:10
Футзалдан Қазақстан құрамасы Хорватиямен жолдастық ойында кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті.

Ойынның есебі он алтыншы минутта ашылды. Шыңғыс Есенаманов әдемі соққысымен теңбіл допты қарсыластың қақпасына дарытқан болатын. Екінші таймда Хорватия қақпашысы Жарко Лукетин таразы басын теңестірді. Кездесудің соңына қарай Қазақстан құрамасы жеңісті жұлып алды. Намысқа тырысқан Біржан Оразов еді. Қорытындысы есеп - 2:1.

Қазақстан - Хорватия - 2:1 (1:0)

Голдар: Есенаманов, Оразов - Лукетин

Қазақстан: Игита (Қ), Байралиев (Қ), Сүлейменов (К), Жаманқұлов, Оразов, Тұрсағұлов, Дуглас, Есенаманов, Ақбалықов, Иманалин, Қарағұлов, Пиялы, Валиуллин, Сарбасов

Бас бапкер - Пауло Рикардо Фигейро Силва

Хорватия: Лукетин (Қ), Примич (Қ), Дюраш, Еловчич (К), Перич, Перишич, Чеколь, Косор, Казазич, Сутон, Матийя, Мартинач, Чорлука, Хорват

Бас бапкер - Мато Станкович

01.02.2019. Алматы, «Балуан Шолақ» Спорт сарайы.

Бөлісу
Жоғары