Талғат Байсуфинов: «Ұлттық құрама туралы мәліметтермен бөлісемін»

Талғат Байсуфинов: «Ұлттық құрама туралы мәліметтермен бөлісемін»

04 ақпан, 16:14
Қазақстан Ұлттық құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Талғат Байсуфинов баспасөз мәслихатында БАҚ сауалына жауап берді:

Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабында қандай міндет атқарасыз?

- Құрама командалар институтына U-17, U-19 және U-21 құрамалары кіреді. Олардың барлығында отандық бапкерлер қызмет атқарады. Менің жұмысым осы мамандар мен жаңа бас бапкердің арасында байланысты қалыптастыру. Сонымен қатар, Ұлттық құрама туралы мәліметтерді бөлісемін. Кеңейтілген тізімде 36 ойыншы бар. Алайда, үміткерлердің саны – 70-80. Ең бірінші міндетім үміткерлер туралы ақпарат іздеу, шетелде ойнайтын футболшыларды қадағалау. Ертең оқу-жаттығу жиынына барамыз. Сол жақта ойыншылардың деңгейін саралап, баға береміз. Сонымен қатар, бас бапкерге жаттығу процесін жүргізуге көмектесемін.

Бөлісу
Жоғары