Ұлттық құрамада елу матч өткізген ойыншы - Дәурен Нұрғожин

Ұлттық құрамада елу матч өткізген ойыншы - Дәурен Нұрғожин

04 ақпан 2019, 17:28
Дәурен Нұрғожин футзалдан ұлттық құрама қатарында алғаш рет 2009 жылдың 19 ақпанында Англиямен өткен ойында  алаңға шықты. Сол ойында біздің құрама 5:2 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстан футбол федерациясы футзал департаментінің басшысы Асқар Әбілдаев Алматыда өткен Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы екінші ойын алдында Дәуренге естелік жейдені табыс етті. 

Өкінішке қарай, Дәурен Нұрғожин жарақатына байланысты Хорватиямен өткен екі ойынға көмектесе алмады. 

 

 

Бөлісу
Жоғары