Рәзия Нүркенова: «Қиын әрі қызықты іріктеу кезеңі күтіп тұр»

Рәзия Нүркенова: «Қиын әрі қызықты іріктеу кезеңі күтіп тұр»

22 ақпан, 15:59
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесіне қатысты пікірін білдірді:

- Біздің топқа Франция, Австрия, Сербия және Македония құрамалары түсті. Еуропа чемпионатының топтық кезеңіне қатысатын командалардың арасында Франция бірінші орында тұр. Франция құрамасы ФИФА рейтингінде көш бастап келе жатқан АҚШ құрамасымен қаңтар айында жолдастық матч өткізіп, 3:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Осы жеңіс арқылы Франция құрамасының деңгейі өте жоғары екенін байқауға болады. Тағы бір мықты қарсылас – Австрия. Олар екінші себеттегі командалардың арасында ең үздігі болды. Сонымен қатар, Сербия (42-орын) және Македония (121-орын) құрамаларымен іріктеу кезеңінде кездесеміз.

Қиын әрі қызықты іріктеу кезеңі күтіп тұр. Биыл іріктеу кезеңінде төрт матч ойнаймыз. Оның екеуі сырт алаңда өтеді. Барлық қарсыластарға лайықты қарсылық көрсетіп, қазақстандық жанкүйерлердің қолдауына үміт артамыз.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде «G» тобына түсті. Іріктеу турнирінің ойындары 2019 жылдың тамызында басталады.

Бөлісу
Жоғары