Шотландия құрамасы Қазақстанмен ойынға шақырылған футболшыларының тізімін жариялады

Шотландия құрамасы Қазақстанмен ойынға шақырылған футболшыларының тізімін жариялады

12 наурыз 2019, 20:57
Шотландия құрамасының бас бапкері Алекс Маклиш 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде алғашқы ойындарға шақырылған футболшылардың есімдерін атады.

Тізімге 27 футболшы енді:

Қақпашылар: Джордан Арчер («Миллуолл», Англия), Скотт Бэйн («Селтик»), Джон Маклафлин («Сандерленд», Англия);

Қорғаушылар: Дэвид Бейтс («Гамбург», Германия), Скотт МакКенна («Абердин»), Чарли Малгрю («Блэкберн Роверс», Англия), Стивен О'Доннелл («Килмарнок»), Лиам Палмер («Шеффилд Уэнсдей», Англия), Энди Робертсон («Ливерпуль», Англия), Джон Сауттар («Хартс»), Керан Тирни («Селтик»);

Жартылай қорғаушылар: Стюарт Армстронг («Саутгемптон», Англия), Барри Баннан («Шеффилд Уэнсдей», Англия), Джон Флек («Шеффилд Юнайтед», Англия), Джон Макгинн («Астон Вилла», Англия), Каллум МакГрегор («Селтик»), Кенни Маклин («Норвич Сити», Англия), Скотт МакТоминей («Манчестер Юнайтед», Англия), Каллум Патерсон («Кардифф Сити», Англия), Грэм Шинни («Абердин»);

Шабуылшылар: Оливер Берк («Селтик»), Джеймс Форрест («Селтик»), Райан Фрейзер («Борнмут», Англия), Оливер МакБерни («Суонси Сити», Уэльс), Марк МакНалти («Хиберниан»), Льюис Морган («Сандерленд», Англия), Джонни Рассел («Спортинг Канзас Сити», АҚШ).

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары