Сергей Малый: «Біздің топта тартысты ойын көрсете алатын құрамалар жиналған»

Сергей Малый: «Біздің топта тартысты ойын көрсете алатын құрамалар жиналған»

21 наурыз 2019, 13:10
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық пен алғашқы қарсылас - Шотландия құрамасы туралы әңгімелеп берді.

- Сергей, жаңа маусымды «Ордабасыда» бастадыңыз. Бой үйрете алдыңыз ба?

- Ешқандай қиындық болған жоқ, себебі ойыншылардың басым бөлігін бұрыннан танимын. Қаланы да жақсы білемін. Командаға тез-ақ сіңісіп кеттім.

-Қазақстан құрамасының жаңа бапкері Михал Билекпен Түркияда дайындықты бастадыңыз. Оның қорғаушыларға қоятын талаптары қандай? Бас бапкердің келуімен ұлттық құрамада қандай өзгерістер болды?

-Михал әр ойыншыдан темірдей тәртіп талап етеді. Ол өз жұмысына ұқыпты қарайды, тәжірибесімен бөлісіп, ойыншыларға қолдау білдіреді.

-2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының тобына қандай баға бересіз? Көшбасшы кім?

-Біздің тобымыз өте мықты. Кілең тартысты ойын көрсете алатын құрамалар жиналған. Бірінші орын үшін бірнешеқұрама таласады.

-Шотландия құрамасы – алғашқы қарсылас. Олардың британдық футболды дәріптейтіні белгілі. Біздің құрама үшін олардың ойын үлгісі қаншалықты қиындық әкеледі?

- Біздің команда Шотландия сияқты күшге салатынойын стилін қолданады. Сол себепті екі жақты тартыс көп болады деп ойлаймын. Берілген мүмкіндіктерді пайдалана алған команда жеңіске жетеді.

- Еурокубок маусымында «Шахтер» мен «Астана» футбол клубтарының қатарында шотландиялық «Селтикке» қарсы бірнеше рет алаңға шыққан едіңіз. Сол ойындардан Шотландия құрамасының футболшыларының ішінен кім есіңізде қалды?

-Расында да ұзақ уақыт естен кетпейтін жақсы ойындар болған еді. «Шахтер» мен «Астанаға» «Селтиктен» өту үшін бір қадам жетпеді.  Үш ойында да «Селтик» пен Шотландия құрамасының капитаны Скотт Браун ойнады. Оның ойыны бірден көзге түсетін. Бірақ қазір ол ұлттық құраманың сапында жоқ.

- 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің алғашқы ойындары Наурыз мерекесімен қатар келді. Қазақстандықтарға айтар тілегіңіз...

- Барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Зор денсаулық, ашық аспан тілеймін! Жасыл алаңда жеңіс көп болсын!

Бөлісу
Жоғары