Станислав Черчесов: «Кез келген жеңілістен сабақ шығару керек»

Станислав Черчесов: «Кез келген жеңілістен сабақ шығару керек»

23 наурыз, 19:44
Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Ресей құрамалары арасындағы ойынның алдында баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің сауалдарына жауап берді:

- Қазақстан-Шотландия ойының нәтижесі таңғалдырды ма?

- Таңғалмадым. Нәтижені қабылдадық. Командаға жаңа бапкер келді. Түркияда онымен кездескен болатынбыз. Кезінде бір-бірімізге қарсы ойнадық. Молдовамен өткен ойынды тамашаладық. Қарсыластың қандай ойын үлгісін таңдайтыны сол кезде белгілі болған еді. Алайда, сол жиында негізгі футболшылар болмады. Шотландия құрамасының жоспарын білмедік. Қазақстан құрамасы футбол ойнауды жақсы көретін команда. Іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны туралы айтсақ, қазақстандық футболшылар жылдам гол соқты. Ал, шотландиялық футболшылар ойынға орала алмады.

- Ресей құрамасының айып алаңына әуелете беретін пастары сынға ілікті. Қазақстанға қарсы ойын үлгісін өзгертесіз бе?

- Команданың қатарында жақсы ойыншылар болса, олардың мүмкіндігіне қарай ойнау керек. Қазақстан құрамасы да алыс пастармен ойнайды. Біреуі сынайды, біреуі мақтайды.

- Қазақстан құрамасының қатарында қауіп төндіретін футболшылар кімдер?

- Соңғы ойын – бас бапкердің алғашқы ресми матчы. Сол себепті бұл жерде қозғайтын тақырып көп. Нақты бір ойынышың жоқтығы білінбеді. Яғни, командалық жұмыс. Қорғаныс пен шабуылды қатар алып жүре алады. Қарсыласты жақсы тану үшін уақыт қажет.

- Бельгиямен ойындағы жеңілісті барлығы түсіністікпен қабылдады. Қазақстанмен ойында ресейліктерге жеңілуге болмайды. Әлем Чемпионатынан кейінгі ең маңызды ойын деп санайсыз ба?

- Қазақстаннан ұтылуға болмайды. Бұл пікірмен келісемін. Алайда, Бельгия туралы айтқан сөзбен келіспеймін. Алғашқы ойынға да жақсы дайындалып, оң нәтиже үшін алаңға шықтық. Турнир кестесіндегі орнымызды білеміз. Біздің міндет – әр ойында жеңіске жету. Кез келген жеңілістен сабақ шығару керек.

Бөлісу
Жоғары