Алматыда CP football бапкерлеріне арналған семинар өтті

Алматыда CP football бапкерлеріне арналған семинар өтті

26 сәуір, 21:01
Семинар Алматы қаласындағы тірек қимылы аппараты бұзылған балалар арналған №2 мектеп интернатында ұйымдастырылды. Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен өткен жылдың мамыр айында балаларға арналған футбол алаңы салынған болатын. Қазіргі уақытта CP football жаттығулары дәл осы алаңда өтеді.

Семинарға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Түркістан қалаларының тыңдаушылары қатысты. Осы өңірлерде CP football секцияларын ашу жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді.

Сал ауруына шалдыққан балаларға арналған Халықаралық футбол федерациясының бас хатшысы Сэм Тернердің айтуынша, Қазақстан CP football-дан жаттықтырушыларға арналға семинар ұйымдастырған алғашқы ел.

Қатысушыларға дәріс оқығандардың арасында IFCPF (International Federation of Cerebral Palsy Footbal) ұйымының курсында білім алған Шыңғыс Темірханов пен Сюзанна Корнецова болды.

Бөлісу
Жоғары