Жас төрешілерге арналған семинар басталды

Жас төрешілерге арналған семинар басталды

23 тамыз, 20:40
Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін футболдан жасөспірімдер арасында ХІІ халықаралық турнир аясында жас төрешілерге семинар ұйымдастырды.

Бүгін басталған семинар турнирдің соңына дейін жалғасады. Мақсаты - төрешілерді теория мен тәжірибе саласында білімдерін жетілдіру.  Семинарға Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогында қызмет атқаратын төрешілер қатысады. 

Семинарға қатысушылардың тізімі:

Бас төрешілер - Нұрлан Ақынжанов (Семей), Андрей Марсал (Қарағанды), Біржан Сержанұлы (Алматы), Никита Утробин (Нұр-Сұлтан);

Көмекшілері - Алексей Долгих (Павлодар), Самат Жарылқасынов (Шымкент), Бақытжан Жолдас (Алматы), Әлішер Мыңбаев (Қаратау), Мансұр Сайдоллаев (Саран).

Бөлісу
Жоғары