Кака: «Ұлттық құраманың ойыншылары әртүрлі клубта ойнады, сондықтан ойын жүйесін әрі қарай жақсарту қажет»

Кака: «Ұлттық құраманың ойыншылары әртүрлі клубта ойнады, сондықтан ойын жүйесін әрі қарай жақсарту қажет»

29 қазан, 16:09
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2020 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңінің ойындарына баға бере отыра, жаңа ойыншылар мен Леоға қатысты мән-жайды түсіндіріп берді:

- Үш ойын – үш жеңіс. Жақсы нәтиже. Қаншалықты қиын болды?

- Нәтиже жаман емес. Алайда, ойындар оңай болмады. Әсіресе, алғашқы ойын ауыр болды. Өйткені, ойынға бір күн қалғанда жарыс өтетін Пьятра-Нямц қаласына келдік. Ойын күні таңертең жаттығу жасауға мәжбүр болдық. Албания және Нидерланд құрамалары қатты қарсылық көрсетпеді. Алайда, алаң иелері Румыния құрамасымен өткен ойын қиынға соқты. Жанкүйерлер қолдауымен алаң иелері бірінші таймда басым түсті. Дегенмен, кездесудің екінші бөлігінде ойынды қолға алып, жеңіске жеттік.

- Қай ойын ұнады?

- Екі ойынды атап өткім келеді. Нидерланд құрамасына қарсы өткен екінші кездесу. Ойыншылар барлық нұсқауды орындап, жақсы ойын көрсетті. Сонымен қатар, Румыниямен өткен соңғы кездесу. Команда алғашқы таймдағы олқылықтарды жойып, екінші таймда мінез көрсете алды.

- Қазақстан құрамасының ойынында ілгерілеу бар ма?

- Әрине. Футболшылардың көбі осы уақытқа дейін ұлттық құрамада ойнамады. Олар көшбасшы болуға дайын. Осы уақытқа дейін алматылық «Қайраттың» базалық команда болуы ұлттық құраманың басымдығы еді. Қазіргі таңда ұлттық құрамаға еліміздің әр клубтарынан ойыншылар жиналған. Сол себепті ойын жүйесін жақсарту үшін әрі қарай жұмыс істеу қажет.

- Румынияға барлық ойыншыларды шақыра алдыңыз ба? Келе алмаған ойыншылар бар ма?

- Біз сенім артқан барлық ойыншы Румыния барды. Ешқандай мәселе болған жоқ.

- Леомен жағдайды түсіндіріп өтсеңіз? Әрі қарай Қазақстан құрамасы сенім арта ала ма?

- Лео маған өзі хабарласты. Қазақстан құрамасына ойнауға дайын екенін айтты. Ол өзінің спорттық мансабын қалай жалғастыратын білмегенін мәлімдеді. Өмір де ондай сәттер болып тұрады. Қазақстан құрамасынан бас тартуы – уақытша шешім. Леоны түсінуге болады. Ұлттық құрамаға қайта оралуға мүмкіндік беруді сұрады. Қазақстан құрамасы оған келешекте де сенім артады.

- Қазақстан құрамасының алдағы жоспары қандай?

- 2020 жылдың 27 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында өтетін элиталық  кезең күтіп тұр. Жақында қарсыластарымыз анықталады. Оқу-жаттығу жиынының ұзақ болғанын қалаймыз. Өйткені, Қазақстан құрамасының ойыншылары әртүрлі клубтарда ойнайды. Дайындыққа уақыт қажет. Элиталық кезеңнің жауапкершілігі жоғары. Үш ойынның қорытындысы бойынша Әлем чемпионатына жолдама алуға болады.

Бөлісу
Жоғары