Футбол клубтарының жетекшілері УЕФА-ның жаңа бағдарламасымен дәріс алмақ

Футбол клубтарының жетекшілері УЕФА-ның жаңа бағдарламасымен дәріс алмақ

29 қазан, 17:28
Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы «Футбол менеджменті» курсының жаңа бағдарламасын іске асырмақ.

«Футбол менеджменті» курсы УЕФА академиясымен бірге әзірленіп, осы ұйымның аясында өткізіледі.

Үш модульден тұратын курсқа футбол клубтарының бірінші жетекшілері мен олардың орынбасарлары, сонымен қатар, спорт директорлары қатысады.

Алғашқы модуль 2019 жылдың қараша айында басталып, 2020 жылдың мамырында аяқталады.

Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы отандық футбол клубтарының жетекшілеріне екінші жыл қатарынан дәріс оқуда. Өткен жылы Премьер-лига мен Бірінші лиганың директорлары білім алды. 

Бөлісу
Жоғары