Даңқты жауынгерлік еңбек

Даңқты жауынгерлік еңбек

07 мамыр, 20:58
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Дмитрий Шомко соғысқа қатысқан атасының көпке мәлім емес әскери ерлігін әңгімелеп берді.

СКОРОМНЫЙ ДАНИИЛ ИЛЬИЧ

(24.12.1912 – 13.06.1992)

Гвардия старшинасы, Т-34-85 танкісінің механик-жүргізушісі.

Әскери наградалары: үш Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері, II дәрежелі Отан соғысы ордені, әр түрлі қалаларды қорғағаны және азат еткені үшін белгіленген медальдармен, сонымен бірге «Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

Әскерге шақырылған жері: Қазақ КСР, Қарағанды облысы, Тельман аудандық әскери комиссариат, 03.08.1942 ж.

Марапаттау туралы № 12 / N бұйрығынан үзінді - 01.06.1944 ж.:

«Жүргізуші-механик Скоромный Д.И. басқарған танк жау жаулап алған ауылға баса көктеп кіріп, «Жолбарыс» атты дұшпанның екі танкісімен соғысты. Жақсы айла-тәсілдің арқасында қарсыластың жаудырған оғынан бой тасалады. Қысқа аялдап, жоғары жыдамдық арқылы үсті-үстіне оқ атты. Ұрыс кезінде «Жолбарыстың» бірінің көзін жойып, екіншісінің кейін шегінуіне мәжбүрледі. Әрі қарай Әрі қарай Т-34 экипажы қарсыластың пулеметін жойып, бізідң жаяу әскерге елді мекендегі маңызды орындарды басып алуға мүмкіндік берді.

Осы шайқаста көрсеткен батылдығы мен шеберлігі үшін Скоромный Д.И. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Жүргізуші-механик Даниил Скоромныйдің қираған танкте бірнеше рет күйіп қалғаны туралы ашық мәліметтерде жазылған. Осындай жағдайлардың бірінде ол жанып жатқан танктен шыға алды. Алайда, жарақатының салдарынан есінен танып қалған. Сол ұрыста жаяу әскердің санитарлық нұсқаушылары көмектескен. Атқыштар ротасы «мазут» деген атауға ие болған танкистерді санитарлық батальонға жеткізеді.

Бір полкте соғысқа қатысқандар оны таба алмай, қайтадан ұрыс алаңынан іздеген. Олар жараланған Даниилді фашистердің қолына түсіп қалды деп ойлады.

1944 жылдың тамызында Даниил Скоромный 50-ші танк бригадасының қайта оралмайтындардың ресми тізімінде болды. Алайда, аз уақыттан соң ол санитарлық батальоннан қашып шығып, өз бригадасына қайта оралады.

Батыл, өжет жүргізуші-механик Даниил Скоромныйдың шеберлігі көптеген майданда танымал болды. Оның марапаты басқа бөлімдерге ауысуға жол ашты. Старшина Скоромный 1-ші Беларусь майданының 9-шы гвардиялық танк корпусының 50 бригадасының 1-ші батальонына адал қызмет етті.

1945 жылы әскерден елге оралды.

Соғыстан соң ауыл шаруашылығы ұйымдарында басшылық қызметте еңбек етті.

ҰЛЫ ЖЕҢІС ҮШІН РАХМЕТ!

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Дмитрий Шомко

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары