Отан үшін шайқас

Отан үшін шайқас

09 мамыр, 16:30
Ұлы Жеңіс күні – әрбір жан үшін айтулы күндердің бірі. Жауға қарсы тұрып, Отанды қорғағандардың қатарында қазақстандық футболмен өмірін байланыстырған жандар да болды.

Рафаил ИБРАГИМОВ

Жалпыодақтық категориядағы футбол төрешісі. 1941 жылдың 22 маусымында Шауляй қаласының маңында соғысқа қарсы тұрып, соңына дейін күресті. Ленинградты қорғап, Карель мойнағындағы соғысқа қатысты. Соғысты 1945 жылы Кенигсберг қаласын алумен аяқтады.

Рафаил Якубович ел біріншілігінде 300-ден астам ойында төреші және лайнсмен болды. Кеңес футболының жоғары дивизионының ойындарында қызмет атқарған алғашқы қазақстандық төрешілердің бірі. 1960 жылдың 20 сәуірінде Ташкентте өткен «Пахтакор» және «Зенит» ойынында қапталдағы төреші міндетін атқарып, алғашқы қадамын бастады. Қазақ КСР Кубогының финалында екі рет төрелік етті. «Футболдан КСРО құрметті төрешісі» атағын иеленді.

I дәрежелі Ұлы Отан соғысының орденімен, Еңбек Қызыл ту және 19 медальмен марапатталған.

Владимир ТОЛЧИНСКИЙ

Он сегіз жасында Сталинабад танк училищесіне жолдама алады. «Выстрел» әскери курсын аяқтап, майдан шебіне аттанады. Днепр және Висладан өтуге қатысады. Белоруссия мен Польшаны азат етуге қатысады.

Днепр операциясына қатысқаны үшін Қызыл Жұлдыз орденімен наградталған. 1943 жылдың қараша айында әскер түнде өзен арқылы өтіп, қарсыластың жойқын соққысына тап болады. Тарихшылар Днепр өзені арқылы өтуді әлі күнге дейін Екінші дүниежүзілік соғыстағы ең қиын операциялардың бірі деп санайды.

Соғыс жылдарынан кейін Владимир Толчинский футболмен тығыз байланыста болды. Алматы қаласының Орталық стадионының директоры қызметін атқарды. Республикалық футбол федерациясының төрағасының орынбасары болып жұмыс істеп, баспасөзге мақала жариялап әрі матчтардан репортаж жүргізді.

КСРО Чемпионатының жоғары лигасының 79 ойынына төрелік етті. 25 жыл созылған  төрешілік карьерасының ең биігі 1970 жылы мәскеулік Динамо мен Тбилиси арасында өткен КСРО Кубогының финалы болды.

Алексей МОСКАЛЁВ

«Ленинградтық өренім! Мақтанышым сен едің!». Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың жаудың құрсауында қалған Нева жағалауындағы қаланың тұрғындарына арнаған танымал өлеңінің сөздері.

Ленинград блокадасында қызмет болғандардың бірі - Алексей Москалёв. Ол жау зардабын жою операцияларына қатысқан.

Әскери жылдары оның жүрегіне жылу сыйлаған футбол еді. 1943 жылы Алексей Москалёв Ленинград чемпионы атанды.

Соғыстан соң жамбылдық «Локомотив» сапында Қазақ КСР біріншілігінің жеңімпазы атанып, команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды.

Икрам БАЙШАҚОВ

«Қайрат» капитанының, КСРО ұлттық құрамасында ойнаған қазақстандық футболдың алғашқы түлегі, қазіргі таңда Қазақстан футбол федерациясының Президенті кеңесшісі Сейілда Байшақовтың әкесі. Ол Ұлы Отан соғысы жылдары сүңгуір-теңізші қызметінде болды.

Соғыстан соң жамбылдың «Динамода» ойнады. Ұлының тұлға болып қалыптасуына майданда көрген қиындығы ықпал етті. Ол қазақстандық футболдың болашақ қорғаушысына батылдың пен ерлікті сіңдірді.

Юрий БОРИСОВ

70-80 жылдардағы Семейдің «Спартак» клубының ойыншысы мен танымал төреші Александр Борисовтің әкесі. 1941 жылдың тамызында Қазан қаласындағы Бауман әскери комиссариатына шақырылады. «Выстрел» әскери курсын тәмамдап, погонына жұлдызша тағып, майданға аттанады.

Будапештке дейін барды. Соғыс жолын Дунай жағасында аяқтады. Спорт және дене шынықтырумен шұғылданудың көмегі майдан тиген. 1952 жылы Ташкентте өткен жалпыодақтық «Спартак» спорт қоғамының жарыстарына қатысып, турнирдің үздік ойыншыларының бірі атанды.

Виктор ПЛЯСУНОВ

Мәскеудің тумасы соғыстан соң өмірін қазақстандық футболмен байланыстырды. Екі мәрті Қызыл Жұлдыз иегері. Алматылық «Спартак» және шымкенттік «Металлург» командаларында ойнады. Кейін бапкер болды.

Константин БАЛЯСОВ

Соғысқа дейінгі Кеңес Одағының чемпионатында ойнады. Сталинградтық «Торпедо» мен минскілік «Динамо» намысын қорғады.

Ұлы Отан Соғысында Мәскеуде орналасқан Белоруссия партизандық қозғалысының штабында қызметтен өтті. Сонымен қатар, футбол мен допты хоккейден КСРО астанасының біріншілігіне қатысты.

Соғыстан кейін өмірінің соңына дейін Алматы қаласында жұбайымен тұрды. Қазақстан мен Кеңес Одағының қалалық біріншіліктерінде ойнап, әрі қарай төреші және бапкер қызметтерін атқарды. Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Борис СМОРОДИННИКОВ

Борис Смординников Қазақстан аумағында футболдың пайда болу кезеңінде қызмет атқарды. Революцияға дейін Семей қаласының «Нептун» спорт клубында футбол секциясын басқарды.

1941 жылдың қазанында майданға аттанды. Төрт жыл бойы II Балтық майданының 26-шы инженер-сапер бригадасында болды.

1944 жылдың үшінші және төртінші қарашасында 189-шы Новосокольнический батальонының қызыл әскері Б.Смородинников жасаған ерлік мақтау қағазында көрсетілген. 1945 жылдың қаңтарында «Ерлігі үшін» медалімен наградталған.

 

                                           *    *    *

Майдан даласынан барлығы қайтып оралмады. Олардың арасында футболшылар да болды.

 


  

Алексей ОГОРОДНИКОВ

Жан-жақты спортшы ретінде танымал. Жеңіл және ауыр атлетикамен, күреспен, шаңғымен айналысқан. Ол қазіргі Қазақстан аумағында футболдың пайда болуына атсалысты.

ССК командасында (Семей спорт клубы) ойнаған ол 1918 жылы Австро-Венгрия армиясының әскери тұтқындарымен өткен матчқа қатысқан.

Расталмаған мәліметтерге сәйкес, ол майданда қайтыс болды.

Анатолий ГРОМОВ

1940 жылы КСРО Кубогын жеңіп алған алматылық «Динамо» командасының капитаны.

Минскінің «Динамосымен» өткен жартылай финалда гол соққан.

Өкінішке қарай, әрі қарай гол соға алмады. Соғыстан оралмады...

Павел ТРОФИМОВ

Громов сияқты ол 1940 жылы Алматының «Динамо» командасының құрамында жеңіске жетті.

Егер соғыс болмаса, Павел Трофимов үлкен жетістікке жетуі мүмкін еді. 1941 жылдың басында Мәскеудің «Динамосында» оқу-жаттығу жиынын өткізді.  Сол дәуірдің атақты жаттықтырушысы Борис Аркадьев арнайы шақырған еді.

Майданға аттанған Павел Трофимовтың 1941 жылы 13 қарашада ағасына жазған хаты отбасылық мұрағатта сақталған: «Сағат бесте олар күтпеген жерден тұрғызды, тоғызда жолға шықтық. Түнде 50 шақырымды артта қалдырдық. Мен допты көптен көрмедім ... ».

Басқа хаттар келмеді ...

Виктор ШАПОВАЛОВ

Сол баяғы аты аңызға айналған алматылық «Динамо» командасының екінші қақпашысы. Екінші қақпашы болуға лайық емес еді. Сол себепті 1941 жылдың басында Виктор Шаповалов жергілікті «Спартакқа» ауысты.

Оның жақсы деңгейде ойнап, жанкүйерлерді қуантамын деген арманы орындалмады...  

 

«Жеңіс сарбаздарына мың алғыс!»

Ұлы Отан соғысын басынан өткерген басқа да қазақстандық ойыншылардың есімдері әлі де беймәлім.

Осындай адамдардың туыстары мен достарына қосымша ақпарат үшін алғысымызды білдіреміз.

Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!

Музейтанушы Станислав Сәрсековтің материалы бойынша жазылды.

Бөлісу
Жоғары