Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландта алғашқы жаттығуын өткізді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландта алғашқы жаттығуын өткізді

14 қыркүйек 2023, 14:45
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы ӘЧ-2024 элиталық іріктеу кезеңіне дайындығын жалғастырып жатыр.

Команда Нидерланд астанасынан 30 шақырымда орналасқан Алмере қаласына келді. Кака шәкірттері «Топспортсентрум Алмере» спорт кешенінде алғашқы жаттығуын өткізді. Команданың нақты тізіміне келесі ойыншылар енді:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков;

Алаңдағы ойыншылар: Шыңғыс Есенаманов, Дуглас Жуниор, Дәурен Тұрсағұлов, Біржан Оразов, Альберт Ақбалықов, Райымбек Жұма, Тайнан, Арнольд Кнауб, Жахангир Рашит, Эдсон, Әбдірасул Әбдіманапұлы.

 

Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатының элиталық кезеңі аясында екі ойын өткізеді. 15 қыркүйек күні ұлттық құрама Нидерландпен кездеседі. «Топспортсентрум Алмере» кешенінде өтетін матч Астана уақытымен сағат 23:55-де басталады.

20 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Румынияны қабылдайды. Ойын Алматы қаласы, Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді. Басталу уақыты Астана уақытымен сағат 20:00-де. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шықты.

 

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футзалдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Бөлісу
Жоғары