Қазақстан чемпионының 2024/25 УЕФА Аймақтар кубогының аралық раундындағы қарсыластары белгілі болды

Қазақстан чемпионының 2024/25 УЕФА Аймақтар кубогының аралық раундындағы қарсыластары белгілі болды

12 желтоқсан 2023, 13:30
Швейцарияның Ньон қаласында әуесқой командалар арасындағы УЕФА Аймақтар кубогының жеребесі тартылды.

Әуесқойлар арасында ел чемпионы – Павлодар облысының «Ақбет» командасы турнирдің аралық кезеңіне қатысады. Жеребе тарту барысында 32 команда төрт-төрттен сегіз топқа бөлінді. Біздің команда 1-топқа түсті. Қарсыласымыз – Украина, Польша және Израиль чемпиондары. 

Аралық раундтың матчтары 2024 жылы 6 желтоқсанға дейін өтуі қажет. Алты жеңімпаз 2025 жылдың маусым не шілде айының соңғы екі аптасына жоспарланған финалдық кезеңге жолдама алады.  

Айта кетейік, турнирде ел намысын 2023 жылғы маусымда әуесқой командалар арасындағы ҚР Чемпионатының қорытындысы бойынша бірінші орын алған Павлодар облысының «Ақбет» командасы қорғайды. Жарыс нәтижесі және хаттамалық деректермен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Бөлісу
Жоғары