ҚФФ «Ойжұмбақ 2» мультфильмінің көрсетілімінде UEFA Playmakers жобасының таныстырылымын өткізді

ҚФФ «Ойжұмбақ 2» мультфильмінің көрсетілімінде UEFA Playmakers жобасының таныстырылымын өткізді

13 маусым 2024, 16:53
Қазақстан футбол федерациясы Астана қаласында Arsenal кинотеатрында өткен Disney PIXAR-дың «Ойжұмбақ 2» мультфильмінің арнайы көрсетілімінде UEFA Playmakers жобасының таныстырылымын өткізді. 

Көрсетілім алдында Қазақстан футбол федерациясы UEFA Playmakers жобасына арналған демонстрациялық аймақ дайындады. Бұл аймақта көрсетілемге келген кішкентай қыздар жобамен танысып, түрлі ойындарға қатысты. Аймақта қызық формада футбол әлемімен таныстыратын арнайы белсенділік ойындар ойнатылды. 

Осы ойындар арқылы кішкентай қыздар арасында UEFA Playmakers жобасы мен қыздар футболын танымал ете түсуге мүмкіндік берді. ҚФФ Walt Disney Company, Meloman, Arsenal Cinema компанияларына серіктестік үшін алғысын айтып, Қазақстанда UEFA Playmakers жобасын ары қарай дамыта береді.

 Айта кетейік, UEFA Playmakers жобасы Астана қаласының 25 балалар бақшасында іске қосылып, кішкентай қыздарға арнайы әдістеме бойынша жаттығу өткізіледі. 

Бөлісу
Жоғары