Шымкентте WU-19 қыздар арасында «Zhuldyz Summer Cup» халықаралық турнирі өтеді

Шымкентте WU-19 қыздар арасында «Zhuldyz Summer Cup» халықаралық турнирі өтеді

17 маусым 2024, 10:29
Турнир Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен және UEFA Assist бағдарламасы аясында болады.

Онда 19 жасқа дейінгі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан құрамалары және «БИІК-Шымкент» WU-19 командасы қатысады.

Айта кетейік, турнирдің басты мақсаты халықаралық ойын тәжірибесін жинау және әйелдер футболын дамыту болғандықтан, бұл жарыста ұпай саны есептелмейді және жеңімпаз анықталмайды.

Барлық ойындар «БИІК» базасының «Намыс» стадионында өтеді. Турнир 1 айналымнан тұрады, командалар бір-бірімен ойнап шығады. Тікелей эфир KFF Zhastar YouTube-арнасында жоспарланған.

Zhuldyz Summer Cup халықаралық турнирінің ойын кестесі:

24 маусым

Қазақстан WU-19 – «БИІК-Шымкент» WU-19 – 10:30

Қырғызстан WU-19 – Өзбекстан WU-19 – 17:30

26 маусым

«БИІК-Шымкент» WU-19 – Өзбекстан WU-19 – 10:30

Қазақстан WU-19 – Қырғызстан WU-19 – 17:30

28 маусым

«БИІК-Шымкент» WU-19 – Қырғызстан WU-19 – 10:30

Өзбекстан WU-19.– Қазақстан WU-19 – 17:30

Бөлісу
Жоғары