Әділет Барменқұлов Phygital Football-дан Қазақстан құрамасын қабылдады

Әділет Барменқұлов Phygital Football-дан Қазақстан құрамасын қабылдады

25 маусым 2024, 17:40
Қазақстан футбол федерациясы кеңсесінде Әділет Барменқұлов Қазан қаласында өткен БРИКС ойындарында Phygital Football-дан күміс жүлдегер атанған Қазақстан құрамасының бас бапкері және ойыншыларымен кездесті.

Кездесу барысында ҚФФ президенті қарқынды дамып келе жатқан интерактивті футбол заманауи спорттың маңызды бір бөлігі екенін атап өтіп, алдағы уақытта федерация тарапынан бұл спортқа барынша қолдау болатынын айтты.

Phygital Football – виртуалды және шынайы футболдың қосындысынан пайда болған заманауи спорт түрі. Футбол қоссайысында спортшылар EA FC 24 және шағын футболдан бақ сынайды.

Қазандағы БРИКС ойындарында Қазақстан құрамасы жарысты С тобында бастап, Бразилияны 5:4 есебімен жеңді. Ширек финалда Венесуэла, ал жартылай финалда Беларусь құрамаларынан басым түсті.

Финалда Қазақстан құрамасы Ресеймен кездесіп, 7:9 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша, біздің құрама БРИКС ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Бөлісу
Жоғары